Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат

        Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылдың 13 қарашасы күні Aлмаз ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Буранбаев Азамат Адилбекович және Бахтыгереев Самат Аблаевич «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылып, тиісті құжаттары түсті.

        Өзін-өзі ұсынған А.А.Буранбаевтың және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылған С.А.Бахтыгереевтің  барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.

Дата публикации
13 ноября 2023