Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 10 желтоқсанына тағайындалсын.
- 2023 жылдың 10 желтоқсанына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- 5. Осы шешім аудандық «Серпін» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Н.Калиев