Шыңғырлау ауданының 2023 жылдың 1 қыркүйегіне
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 232,3 млн.теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 112,1 % құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3061,6 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1 есе жоғары.
Ауданда 550 шаруа қожалығы тіркелген, олардың ішіндегі жұмыс істейтіні – 550 бірлік (тіркелгендерден 100%), жұмысшылардың саны 550 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 1 жұмысшыдан келеді.
3.1. Мал шаруашылығы.
Аудан бойынша тірі салмақта 2635,6 тонна ет өндірілді, сүт – 11757,7 тонна, 2466,8 мың дана жұмыртқа, 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен сәйкесінше 102,5%, 100,9% және 100,6% құрады.
бас
|
|
01.09.2022 жылға |
01.09.2023 жылға |
01.09.2023 жыл 01.09.2022 жылдың %-на |
|
Ірі қара мал |
49 114 |
56 288 |
114,6 |
|
Соның ішінде сиыр |
22 299 |
26 330 |
118,1 |
|
Қой мен ешкі |
47 771 |
51 404 |
107,6 |
|
Шошқа |
173 |
192 |
111,1 |
|
Жылқы |
9 396 |
11 122 |
118,4 |
|
Түйелер |
60 |
64 |
106,7 |
|
Құс |
52 213 |
54 050 |
103,5 |
3.2. Өсімдік шаруашылығы.
6602 га астық жиналды, орташа өнімділігі 15,9 ц / га жалпы алым 10476,3 тоннаны құрайды.
2218 га алаңда майлы дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 15,9 ц / га жалпы алым 10476,3 тоннаны құрайды.
Картоп 35 га алқапта жиналды, өнімділігі 132,0 ц/га, жалпы жиналымы 462 тонна.
47,8 га алқапта көкөніс жиналды, өнімділігі 151,3 ц/га, жалпы жиналымы 723,1 тонна.
48 га алқапта бақша дақылдары жиналды, өнімділігі 145,0 ц/га, жалпы жинау 696,0 тонна.
Шағын бизнестің 83 заңды тұлғалары тіркелді, олардың 72 жұмыс істейді. Шағын бизнестің қызмет етуші субъектілерінің басым үлесінің тіркелгендерге қатынасы 86,7% құрайды. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 102 адам. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 70 заңды тұлғалар тіркелді, жұмыс істейтіні – 61, жұмысшылар саны – 99 адам.
1001 бірлік шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері – 1001, жұмысшылар саны 1001 адам. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне жағдай бойынша 726 шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелді, олардың нақты жұмыс істейтіні – 652, жұмысшылар саны – 681 адам.
2023 жылдың 1 қыркүйегіне шағын бизнес саласында жұмысшылар саны – 1103 адам (2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 141,4 %).
Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілері 5030,0 млн. теңге сомасына өнім, жұмыстар мен қызметтер өндірді
Шағын бизнес субъектілерінен бюджетке 41083,7 мың теңге сомаға төлемдер түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан 21693,4 мың теңге, жеке тұлғалардан 19390,3 мың теңге.
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 136,4 млн.теңгені немесе 2022 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 100,1 % құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2405,5 млн. теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкесті кезең деңгейінен 94,9 %-ды құрады.
6.1. Білім беру
Аудан бойынша 15 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 2 бірлік. Ауданда 2092 бала 199 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда 508 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 58 бала тәрбиеленеді.
Мектептен тыс 977 бала оқитын 3 мекеме бар.
Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған.
Аудан бойынша 18 емдеу алдын-алу мекемесі қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 10 медициналық пункт кіреді, 5 фельшер-акушерлік пункті. Жалпы дәрігерлер саны 22, орта медицина қызметкерлердің саны 114 адам. Күндізгі стационарда 46 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.
6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал
Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіледі. Полиомиелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін халық арасында 2023 жылға арналған профилактикалық егу жоспарына сәйкес иммундау жүргізілді.
7.1. Мәдениет
Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 15 клубтық мекеме, 1 мұражай, 1 киноқондырғы жұмыс жасайды.
Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 575 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 28400 көрермен қатысты.
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегіне оқырмандар саны – 8328 адам, кітап берілімі – 179178 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 100666 оқырман, өткізілген шаралар саны – 630, қатысқандар саны – 9111 адам. Кітап қоры 306322 данадан тұрады.
7.2. Спорт
Ауданда селолық округтер бөлімдерінде филиалдары бар 437 спортшы тәрбиеленетін жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасайды. Тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп тұрады. БЖСМ оқушылары облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Шыңғырлау ауылында ашық стадион салуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 61011,0 мың теңге бөлінді, 6365,5 мың теңге игерілді.
Шыңғырлау ауылында ашық стадионның құрылысына ЖСҚ жасауға аудандық бюджет қаражаты есебінен 2812,0 мың теңге бөлінді, 2811,8 мың теңге игерілді.
Ауданда 2002 зейнеткер, 294 мүгедек тұрады. Кедей отбасылардың саны - 21. Жұмыссыздар саны 534 адамды құрайды (2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 10,8 % - ға жоғары). Ресми жұмыссыздық деңгейі 6,31 % құрады. Жыл басынан бері 188 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
21 отбасыға (98 адам) 6980,9 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және көрсетілді. Азық-түлік жиынтықтары үшін АӘК алушылар қатарындағы балаларға 1261,0 мың теңге аударылды.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 6 балаға 300,2 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер 244 адамға 13838,0 мың теңге төленді.
32 алушыға 1962,3 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.
574 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қоғамдық жұмыстарға 96 адам бағытталды, облыстық бюджет қаражаты есебінен 23936,5 мың теңге есептелді және төленді.
2023 жылдың 1 қыркүйегіне газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Ақбұлақ, Ардақ, Ақтау, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды, Ақсуат және Шыңғырлау селосында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.
Қарағаш ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 112600,0 мың теңге, Ұлттық қорынан бөлінетін трансферт есебінен- 14062,0 мың теңге, облыстық бюджеттен берілетін трансферт есебінен-31666,0 мың теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 55486,7 мың теңге, Ұлттық қорынан берілетін трансферттер есебінен - 4218,6 мың теңге игерілді.
Шоқтыбай ауылында су құбырын салуға облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 43788,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 100,0 мың теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 40011,5 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен – 89,8 мың теңге игерілді.
Шыңғырлау ауылындағы Қазақстан, С.Датов, Луговая, Ақсай, Молдағұлова, Рахимов, С.Есқалиев көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 290486,0 мың теңге, 136224,7 мың теңге игерілді.
Шыңғырлау ауылындағы Целинная, Победа, Ю.Гагарин, М. Өтемісов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 207917,0 мың теңге бөлінді, 106664,4 мың теңге игерілді.
Шыңғырлау ауылындағы Д.Хамитов, М.Маметова, Ғ. Мұратбаев, Амангелді көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 369686,0 мың теңге бөлінді, 211795,4 мың теңге игерілді.
Шыңғырлау ауылындағы Қонақай, Д.Бесчасов, М. Жуков, Казимов көшелерінің автомобиль жолын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 394056,0 мың теңге бөлінді, 225208,0 мың теңге игерілді.
«Шынгырлау-Акшат-Сегизсай1» автожолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 683606,0 мың теңге бөлінді, 258953,3 мың теңге игерілді.
«Шынгырлау-Акшат-Сегизсай2» автожолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 362468,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын орташа жөндеуге 105-110 км (5 км) облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 155751,0 мың теңге бөлінді, 150307,3 мың теңге игерілді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 12,6-17 км (4,4 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 171688,0 мың теңге бөлінді. 137101,0 мың теңге игерілді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 17-32 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 587006,0 мың теңге бөлінді.
234137,0 мың теңге игерілді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 32-47 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 850982,0 мың теңге бөлінді,
497297,2 мың теңге игерілді.
Аудандық маңызы бар KL-SH-10 "Алмазное ауылына кірме жолы" 0-10 км автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 433704,0 мың теңге бөлінді, 120166,0 мың теңге игерілді.
Халықтың қаражаты есебінен жалпы ауданы 1763 ш.м. 10 үй (10 пәтер) салынды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 11,9% - ға артық. Шыңғырлау ауылында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үй салуға "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында облыстық бюджеттен трансферт есебінен 170504,0 мың теңге бөлінді. 129806,6 мың теңге игерілді.
2023 жылғы 1 қыркүйегіне кірістер бойынша аудан бюджеті 106,7% - ға орындалды, болжам бойынша 4984,7 млн. теңге, түсімдер 5318,1 млн. теңгені құрады. Шығыстар 85,6% - ға орындалды. Жоспар бойынша 4984,7 млн. теңге орындалуы 4266,3 млн. теңгені құрады.