Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 57,5 млн.теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 105,2 % құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 129,2 млн. теңгені құрады.
Ауданда 444 шаруа қожалығы тіркелген, олардың ішіндегі жұмыс істейтіні – 412 бірлік (тіркелгендерден 92,8%), жұмысшылардың саны 447 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 1 жұмысшыдан келеді.
3.1. Мал шаруашылығы.
Аудан бойынша тірі салмақта 77,0 тонна ет өндірілді, сүт – 319,1 тонна, 98,0 мың дана жұмыртқа, 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен сәйкесінше 107,8%, 100,3% және 102,1% құрады.
бас
|
|
01.03.2022 жылға |
01.03.2023 жылға |
01.03.2023 жыл 01.03.2022 жылдың %-на |
|
Ірі қара мал |
41099 |
45058 |
109,6 |
|
Соның ішінде сиыр |
21230 |
22617 |
106,5 |
|
Қой мен ешкі |
40597 |
48497 |
119,5 |
|
Шошқа |
114 |
140 |
122,8 |
|
Жылқы |
9374 |
10547 |
112,5 |
|
Түйелер |
54 |
60 |
111,1 |
|
Құс |
31121 |
31512 |
101,3 |
3.2. Өсімдік шаруашылығы.
2022 жылы 2771 га алқапта күздік дәнді дақылдар егілді.
Шағын бизнестің 79 заңды тұлғалары тіркелді, олардың 70 жұмыс істейді. Шағын бизнестің қызмет етуші субъектілерінің басым үлесінің тіркелгендерге қатынасы 88,6% құрайды. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 101 адам. 2022 жылдың 1 наурызына 64 заңды тұлғалар тіркелді, жұмыс істейтіні – 53, жұмысшылар саны – 99 адам.
879 бірлік шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері – 764, жұмысшылар саны 875 адам. 2022 жылдың 1 наурызына жағдай бойынша 678 шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелді, олардың нақты жұмыс істейтіні – 591, жұмысшылар саны – 665 адам.
2023 жылдың 1 наурызына шағын бизнес саласында жұмысшылар саны – 976 адам (2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 127,7%).
Нақты жұмыс істейтін шағын бизнестің шаруашылық субъектілерімен өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметінің көлемі 60,0 млн. теңге (2022 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 44,3%).
Шағын бизнес субъектілерінен аудан бюджетіне 6672,7 мың теңге мөлшерінде салық түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан 4897,3 мың теңге, жеке тұлғалардан 1775,4 мың теңге.
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 68,2 млн.теңгені немесе 2022 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 90,0 % құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 528,6 млн. теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкесті кезең деңгейінен 79,0 %-ды құрады.
6.1. Білім беру
Аудан бойынша 15 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 2 бірлік. Ауданда 2065 бала 197 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда 497 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 67 бала тәрбиеленеді.
Мектептен тыс 965 бала оқитын 3 мекеме бар.
Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған.
Аудан бойынша 19 емдеу алдын-алу мекемесі қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық пункт кіреді, 5 фельшер-акушерлік пункті. Жалпы дәрігерлер саны 24, орта медицина қызметкерлердің саны 119 адам. Күндізгі стационарда 46 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.
6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал
Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіледі. Полиомиелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін халық арасында 2023 жылға арналған профилактикалық егу жоспарына сәйкес иммундау жүргізілді.
7.1. Мәдениет
Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 15 клубтық мекеме, 1 мұражай, 1 киноқондырғы жұмыс жасайды.
Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 77 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 7650 көрермен қатысты.
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2023 жылдың 1 наурызына оқырмандар саны – 2031 адам, кітап берілімі – 23826 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 12039 оқырман, өткізілген шаралар саны – 120, қатысқандар саны – 1202 адам. Кітап қоры 305613 данадан тұрады.
7.2. Спорт
Ауданда селолық округтер бөлімдерінде филиалдары бар 437 спортшы тәрбиеленетін жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасайды. Тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп тұрады. БЖСМ оқушылары облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Ауданда 2002 зейнеткер, 294 мүгедек тұрады. Кедей отбасылардың саны - 19. Жұмыссыздар саны 400 адамды құрайды (2022 жылдың тиісті кезеңінен 2,0 %-ға төмен). Ресми жұмыссыздық деңгейі 4,73 % құрады. Жыл басынан бері 66 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
19 отбасыға (88 адам) 1132,9 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және көрсетілді. Азық-түлік жиынтықтары үшін АӘК алушылар қатарындағы балаларға 129,4 мың теңге аударылды.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 5 балаға 51,8 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер 40 адамға 2749,0 мың теңге төленді.
6 алушыға 453,8 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.
154 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қоғамдық жұмыстарға 57 адам бағытталды, облыстық бюджет қаражаты есебінен 5,0 млн.теңге есептелді және төленді.
2023 жылдың 1 наурызына газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Ақбұлақ, Ардақ, Ақтау, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды, Ақсуат және Шыңғырлау селосында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.
Қарағаш ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға "Мықты өңірлер-ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 112600,0 мың теңге бөлінді.
Шыңғырлау ауылындағы Қазақстан, С.Датов, Луговая, Ақсай, Молдағұлова, Рахимов, С.Есқалиев көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 161406,0 мың теңге.
Шыңғырлау ауылындағы Целинная, Победа, Ю.Гагарин, М. Өтемісов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 173014,0 мың теңге бөлінді.
Шыңғырлау ауылындағы Д.Хамитов, М.Маметова, Ғ. Мұратбаев, Амангелді көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 263080,0 мың теңге бөлінді.
Шыңғырлау ауылындағы Қонақай, Д.Бесчасов, М. Жуков, Казимов көшелерінің автомобиль жолын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 283623,0 мың теңге бөлінді.
«Шынгырлау-Акшат-Сегизсай1» автожолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 683606,0 мың теңге бөлінді.
«Шынгырлау-Акшат-Сегизсай2» автожолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 762468,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын орташа жөндеуге 105-110 км (5 км) облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 155751,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 12,6-17 км (4,4 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 181485,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 17-32 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 620641,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 32-47 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 897388,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар KL-SH-10 "Алмазное ауылына кіреберіс" 0-10 км автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 458541,0 мың теңге.
Халықтың қаражаты есебінен 1280 ш. м. тұрғын үй салынды.
2023 жылғы 1 наурыздағы кірістер бойынша аудан бюджеті 166,8% - ға орындалды, болжам бойынша 485,1 млн. теңге түсімдер 809,3 млн. теңгені құрады. Шығыстар 99,9% - ға орындалды. Жоспар бойынша 485,1 млн. теңге орындалу 484,6 млн. теңгені құрады.