Шыңғырлау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 10 «Шыңғырлау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шыңғырлау аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Шыңғырлау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Шыңғырлау аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Серпін» газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия төрағасы                                                       Н.Қалиев

Дата публикации
21 января 2023