ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан   Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес,  Шыңғырлау аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 20 қаңтар күні Алмаз ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Байгалиев Темирхан Сабыргалиевич, 1993 жылы туылған, Шыңғырлау аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Калниязов Сагындык Урынгалиевич, 1986 жылы туылған, Алмаз ауылдық округінің әкімі, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылында тұрады, «Аманат» партиясы ұсынды.
  3. Тургалиев Сагидулла Батырович, 1962 жылы туылған, Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Дата публикации
21 января 2023