1)2022 жылы бойынша Шыңғырлау ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерін талдау
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында, оның құрылымдық бөлімдерде және ауылдық округі әкімі аппараттарында аудан тұрғындарынан түскен өтініштері Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
2022 жылы бойынша Шыңғырлау ауданы бойынша (Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты (әрі қарай әкімі аппараты), оның құрылымдық бөлімдері (әрі қарай бөлімдері) және ауылдық округінің әкімі аппараттары (әрі қарай округ әкімі аппараттары) 560 өтініш тіркелді.
2021 жылдың сәйкес кезінде 682 өтініш, 2022 жылымен салыстырғанда 17,88% артты.
1 Кесте(тіркелген өтініштерінің саны)

Соның ішінде :
Әкімі аппараты – 151 (26,96%)
Бөлімдер – 277 (49,46%)
Округтер- 132 (23,57%)
2 Кесте (әкімі аппаратына, бөлімдерге, округтарға түскен өтініштер)

2) Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратына түскен өтініштер туралы ақпарат Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 151 өтініш түсті, соның ішінде 90 өтініш, 9 шағым, 52 басқалар. Аппаратпен 36 өтініш қаралды. Нақтырақ айтқанда, 9 әкімшілік рәсім қабылданды, соның ішінде қолайлы әкімшілік акт- 6, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 3. Оңайтылған әкімшілік рәсімімен 27 өтініш қаралды. 115 өтініш басқа органдарға құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.
3) 2022 жылы бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдері және ауылдық округ аппараттарына түскен өтініштер туралы ақпарат
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде 277 өтініштің (218 өтініш, 3 шағым, 56 басқалар) қарау нәтижесіне тоқталатын болсақ, бөлімдерімен 199 әкімшілік рәсім қабылданды, соның ішінде қолайлы әкімшілік акт - 148, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 51. 65 өтініш оңайтылған әкімшілік рәсімімен қаралды.Басқа органдарға қайта қарауға 10 өтініш жолданды, 3 өтініш қаралуда.
Ауылдық әкімі аппараттарына түскен 132 өтініштің (109 өтініш, 23 басқалар). Ауылдық округі әкімі аппараттарымен 93 өтініш қаралды. Нақтырақ айтқанда, 66 әкімшілік рәсім қабылданды, соның ішінде қолайлы әкімшілік акт- 59, ауыртпалық салатын әкімшілік акт- 7. Оңайтылған әкімшілік рәсімімен 27 өтініш қаралды. 38 өтініш басқа органдарға құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды, 1 өтініш қаралуда.
4) 2022 жылы бойынша азаматтарды қабылдау туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшлік рәсімдік-процестік кодексіне, 2002 жылдың 4 қыркүйектегі №974 Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.
2022 жылы бойынша азаматтарды қабылдау туралы ақпарат
|
№/№ |
Мекемелер |
Қабылданған азаматтардын саны |
|
1 |
Аудан әкімі аппараты |
283 |
|
2 |
Бөлім басшылары |
34 |
|
3 |
Ауылдық округі әкімінің аппараттары |
193 |
|
|
Барлығы |
510 |