Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2026 жылдың 9 айы бойынша Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарына 707 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде:

– аудан әкімінің аппаратына – 226,

– ауылдық округтерге – 232,

– бөлімдерге – 249 өтініш келіп түскен.

Жалпы өтініштердің түрлері бойынша:

– 545 – арыз,

– 11 – шағым,

– 43 – ұсыныс,

– 108 – өзге өтініштер (хабарлама, сұрату, үн қосу).

2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (742 өтініш) 4,71%-ға немесе 35 өтінішке азайды.

Өтініштердің басым бөлігі келесі салаларға қатысты:

– жер қатынастары – 272,

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 109,

Келіп түскен 707 өтініштің 496-і қаралып, нәтижесінде:

– 240 – қолайлы әкімшілік шешім қабылданды,

– 60 – ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды,

             -94 - авторға жауап берілді

– 33 – іс жүргізу тоқтатылды,

– 7– назарға алынды,

– 62 – өзге де шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, 194 өтініш құзыретіне сәйкес тиісті мекемелерге жолданды, қарауда 17 қалды.

Азаматтарды жеке қабылдау бойынша:

Жалпы 246 қабылдау ұйымдастырылып, 315 азамат қабылданған. Оның ішінде:

– аудан әкімі – 17 қабылдау, 55 азаматты қабылдады;

– аудан әкімінің орынбасарлары – 43 қабылдау, 62 азаматты қабылдады;

-      аппарат басшысы – 8 қабылдау,14 азаматты қабылдады;

-      ауылдық округінің әкімдері – 77 қабылдау, 82 азаматты

қабылдады;

бөлім басшылары – 101 қабылдау, 102 азаматты қабылдады.

Дата публикации
12 октября 2026