2026 жылдың 27 қыркүйегінде Шыңғырлау ауданы Ақтау сайлау округі бойынша Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ақтау сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 267 азамат енгізілген, оның – 201 сайлаушысы дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ермуханов А.С.- 19 (9,69%);
Казыева Б.Б.- 14 (7,14%);
Хамитов А.Т.– 163 (83,17%).
Хамитов Алмас Темирболатович 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған, Ақтау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.