Шыңғырлау ауданының 2026 жылдың 1 тамызына
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 530,9 млн.теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінің 105,4% құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 371,2 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 112,5% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауданда 460 шаруа қожалығы тіркелген, олардың ішіндегі жұмыс істейтіні – 452 бірлік (тіркелгендерден 98,2%).
Мал шаруашылығы.
2026 жылдың 1 тамызына аудан бойынша тірі салмақта 2 284,0 тонна ет өндірілді, сүт 9 009,3 тонна, 1 398,9 мың дана жұмыртқа, өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ өсімі сәйкесінше 103,7%, 104,4% және 103,0% құрайды.
бас
|
|
01.08.2025 жыл |
01.08.2026 жыл |
01.08.2026жыл 01.08.2025жылдың %-на |
|
Ірі қара мал |
61 971 |
70 131 |
113,2 |
|
Соның ішінде сиыр |
30 083 |
31 651 |
105,2 |
|
Қой мен ешкі |
51 288 |
62 226 |
119,5 |
|
Шошқа |
88 |
143 |
162,5 |
|
Жылқы |
12 688 |
13 757 |
108,4 |
|
Түйе |
63 |
64 |
101,6 |
|
Құс |
22 180 |
23 292 |
105,0 |
Өсімдік шаруашылығы
Себілгені, га: Жиналғаны, га: ц/га: Жалпы алынған өнім,
тонна:
2025 ж. күздік дақылдар –1935гектар: - 1935 га, -38,4 ц/га, -7425 т.
күздік қара бидай - 225 гектар, - 225 га, -37,1 ц/га, -835 т.
күздік арпа – 250 гектар, - 250 га, -21,0 ц/га, -525 т.
күздік бидай – 1460 гектар, - 1460 га, -41,5 ц/га, -6065 т.
2026 ж. жазғы дәнді дақылдар - 8893 гектар:
жаздық бидай – 1749 гектар, -50 га, -12,0 ц/га, - 60 т.
арпа – 3476 гектар, -1163 га, -23,5 ц/га, - 2732 т.
тары – 1013 гектар, -50 га, -14,0 ц/га, -70 т.
жасымық – 305 гектар, -305 га, -13,0 ц/га, -397 т.
дәнді құмай – 2350 гектар,
Майлы дақылдар - 6667 гектар:
күнбағыс- 1955 гектар
мақсары-4712 гектар
Мал азықтық дақылдар- 7050 гектар:
көпжылдык шөптер- 2164 гектар
біржылдық шөптер -4886 гектар
Бақша, көкөніс және картоп – 37 гектар:
картоп-12 гектар
көкөніс-15 гектар
бақша- 10 гектар
Қазіргі таңда аудан бойынша 917 шағын бизнестің субъектілері тіркелген, соның ішінде 110 заңды тұлға, олардың 91-і жұмыс істейді.
363 жеке тұлға бар, олардың бүгінгі күнге 345 жұмыс істейді.
Осы күнге жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерімен өндірілген өнімдерінің (көрсеткен қызметінің) көлемі 2,475 млн теңгені құрайды (2026 жылдың 1 тоқсан).
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 370,0 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 174,5% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2 650,4 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 100,0 %-ды құрады.
6.1. Білім беру
Аудан бойынша 14 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 1 бірлік. Ауданда 2 098 бала 194 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда НОБД бойынша 434 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 71 бала тәрбиеленеді. Мектептен тыс 971 бала оқитын 3 мекеме бар. Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған. Жаңатұрмыс, Амангелді, Ақсуат, Сегізсай, Қуағаш негізгі мектептерінде 5 шағын орталық жұмыс істейді.
6.2. Денсаулық сақтау
Аудан бойынша 18 емдеу алдын-алу мекемесі қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшер-акушерлік пункті, 10 медициналық пункт кіреді,. Жалпы дәрігерлер саны 24, орта медицина қызметкерлердің саны 108 адам. Күндізгі стационарда 32 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.
6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал
Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіледі. Полиомиелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін халық арасында 2026 жылға арналған профилактикалық егу жоспарына сәйкес иммундау жүргізілуде.
7.1. Мәдениет
Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 15 клубтық мекеме, 1 мұражай жұмыс жасайды.
Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 456 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 57 280 көрермен қатысты.
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2026 жылдың 1 тамызына: оқырмандар саны – 7 687 адам, кітап берілімі – 157 743 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 89 263 оқырман, өткізілген шаралар саны – 559, қатысқандар саны – 7 295 адам. Кітап қоры 310 895 данадан тұрады.
7.2. Спорт
Ауданда ауылдық округтер филиал – бөлімшелері бар балалар – жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 540 адам спортпен шұғылданады.Спорттық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. БЖСМ тәрбиеленушілері облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Ауданда 2 092 зейнеткер, 287 мүгедектігі бар адамдар тұрады. Кедей отбасылардың саны - 8. Атаулы әлеуметтік көмек 8 отбасына тағайындалған, оларда 41 адам тұрады. Төленген қаржы көлемі – 2 589,4 мың теңге, оның ішінде АӘК балаларға азық-түлікке қосымша төлемдер барлығы 177,0 мың теңге төленді. Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер 149 адамға – 13 662,6 мың.теңге төленді, тұрғын үй көмегі 2 отбасына - 64,1 мың теңге төленді, материалдық қамтамасыз ету 18 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектігі бар балаларға 5 отбасына, соның ішінде 5 балаға – 475,7 мың теңге төленді.
Жұмыссыздар саны 430 адамды құрады. Ресми жұмыссыздық деңгейі 6,06% құрайды. Жыл басынан бері 172 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды және 222 жаңа жұмыс орны құрылды. Қоғамдық жұмысқа 105 адам жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1 адам жолданды.
2026 жылдың 1 тамызына газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Ақбұлақ, Ардақ, Ақтау, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды, Ақсуат және Шыңғырлау ауылында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.
2026 жылдың 1 тамызына Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында электр желілерінің инфрақұрылымын қалпына келтіруге 171 600,7 мың.теңге бөлінген, оның ішінде 160104,7 игерілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданында ауыз сумен жабдықтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Сегізсай ауылының су құбыры құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 197 439 мың теңге игеріліп, жұмыстар толықтай аяқталды. Сонымен қатар Қайынды, Ақсоғым, Ұрысай, Аққұдық және Қотантал ауылдарына жалпы сомасы 47 030 мың теңгені құрайтын кешенді блок-модульдер орнатылды. Ақбұлақ ауылына құны 26 432 мың теңге болатын су мұнарасы сатып алынып, пайдалануға берілді.
2026 жылға халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй сатып алуға арналған облыстық бюджеттен 207 610 мың.тенге қаражат трансферттер жоспарланды.
2026 жылдың 1 тамызына кірістер бойынша аудан бюджеті 109,2 %-ға орындалды, болжам бойынша 1 994 329,7 мың.теңге, түсімдер 2 177 902,4 мың.теңгені құрады. Шығыстар 89,2 % орындалды. Жоспар бойынша 1 994 329,7 мың. теңге, орындалуы 1 779 774,2 мың. теңгені құрады.