Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 6 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 6 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

         - осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

         - осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

         - осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                          М. Өмірәлиев

                                     

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Шыңғырлау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ Н.Е. Қалиев
«13» шілде 2026 жыл

Дата публикации
22 июля 2026