Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2026 жылдың 26 сәуірде Шыңғырлау ауданы Ащысай сайлау округі бойынша Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Ащысай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 535 азамат енгізілген, оның – 324 сайлаушысы дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айсиев Ж.Г.- 130 (43,05%);

Жолдыгалиев Т.Г.- 3 (0,90%);

Юмабаев Ж.Б.– 169 (55,96%).

Юмабаев Жарас Берікқалиұлы 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған, Ащысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Дата публикации
26 апреля 2026