2022 жылдың 9 қазанында Шыңғырлау ауданы Ақтау сайлау округі бойынша Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 4 тармағы 3) тармақшасы, 45 және 113-10- бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде анықтады:
Ақтау сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 279 азамат енгізілген, солардың ішінде – 259 сайлаушы дауыс берген.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.А.Сартов- 15; Р.О.Тасименов - 242; С.Б.Тургалиев – 1 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 1.
Тасименов Руслан Отаргазиевич 1981 жылы туылған, Ақтау ауылдық округінің бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды, Ақтау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.