Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 2 наурызы күні Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-
бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 наурыздағы №12 шешімімен Айшуаков Ерлан Маликович 1971 жылы туған, Ақшат ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалымен ұсынылған, Ақшат ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.