2025 жылдың 2 наурызында Шыңғырлау ауданы Ақшат сайлау округі бойынша Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 4 тармағы 3) тармақшасы, 45 және 113-10- бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде анықтады:
Ақшат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 820 азамат енгізілген, солардың ішінде – 610 сайлаушы дауыс берген.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.М.Айшуаков- 473; Р.С.Асанов - 48; Х.Т.Ислямкулов – 57 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны – 14, жарамсыз бюллетеньдер саны - 18.
Айшуаков Ерлан Маликович 1971 жылы туған, Ақшат ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалымен ұсынылған, Ақшат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.