Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Бүгін, яғни 2026 жылғы 22 қыркүйек сағат 10.30-дан 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.К.Мурзабулатов, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысы М.М.Муратов жауап беретін.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Бүгін, яғни 2026 жылғы 12 наурыз сағат 10.00-дан 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысы М.М.Муратов жауап беретін болады.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.
https://dialog.egov.kz/conference/5826
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сауалнама өткізу туралы хабарландыру
Бүгін, 2026 жылғы 12 наурызда сағ 10.00 – 27 наурыз сағ 17.30 дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басқарма қызметінің ақпараттық ашықтық деңгейін бағалау бойынша сауалнама жүргізеді.
Сауалнамадан өту үшін порталға кіру қажет dialog.egov.kz. "сауалнамалар" бөлімін таңдаңыз немесе сілтеме бойынша өтіңіз
https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6951
Конституциялық реформа:
әділдік пен тиімді мемлекеттік бақылау бағыты
Кез келген елдің Конституциясы – бұл жай ғана заң нормаларының жиынтығы емес, қоғам құндылықтарын айшықтайтын және ұлттық даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан терең өзгерістер жаңа тарихи дәуірдің бастауын көрсетеді. Бұл өзгерістер Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері үшін мемлекеттік саясатты жетілдіру мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы айқын бағдарға айналды.
Реформаның жаңалығы Негізгі Заң мәтінінің едәуір бөлігіне енгізілген түзетулердің санында ғана емес, олардың терең тұжырымдамалық мазмұнында жатыр. Суперпрезиденттік үлгіден күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу тежемелік әрі теңгерімділік жүйесін қалыптастырады. Бұл барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде құрылыс саласындағы бақылау институттары жұмысының ашықтығына тікелей әсер етеді.
Реформаның негізгі тезистерінің бірі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары басымдық ретінде жариялау. Сәулет-құрылыс бақылауы саласында бұл, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуді білдіреді. Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі заңсыз құрылыстардың жолын кесуге және халықтың мүддесін жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға қосымша құқықтық иінтіректер береді.
Реформаның маңызды бағыты – халықтың елді басқару ісіне қатысуын кеңейту болды. Жергілікті мемлекеттік басқаруды жаңғырту және мәслихаттардың рөлін күшейте түсу аумақтық даму мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұртшылықпен диалог орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қоғамның әділдікке, заң мен тәртіпке деген сұранысы жаңарған Конституциядан тікелей көрініс тауып отырғаны анық, ал біздің міндетіміз – қала құрылысы қызметінде осы қағидаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету.
Жаңартылған Конституцияда адам капиталын дамыту мен цифрландыруға ерекше көңіл бөлінген. Құрылыс нысандарын мониторингілеу және бақылау процестеріне цифрлық технологияларды енгізу – бұл біздің уақыт талабына берген жауабымыз. Рұқсат беру рәсімдерінің ашықтығы мен бақылауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды, өңірдің іскерлік ахуалын жақсартуға және инвестициялық тартымдылығын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, конституциялық реформа – бұл ұзақ мерзімді келешегі бар іргетас. Өзгерістер әрбір азамат заңның қорғауын сезінетін және ертеңгі күнге сеніммен қарайтын тиімді мемлекет құруға бағытталған. БҚО МСҚБ басқармасы жүйелі жаңғырту бағытын толық қолдайды. Жаңартылған Конституция әрбір қазақстандық үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, өңіріміз бен бүкіл еліміздің гүлденуінің кепілі болатынына сенімдіміз.
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сауалнама өткізу туралы хабарландыру
2025 жылғы 24 қарашада сағ 10.30 – 7 желтоқсан сағ 17.30 дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басқарма қызметінің ақпараттық ашықтық деңгейін бағалау бойынша сауалнама жүргізеді.
Сауалнамадан өту үшін порталға кіру қажет dialog.egov.kz. "сауалнамалар" бөлімін таңдаңыз немесе сілтеме бойынша өтіңіз
https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6799
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Бүгін, яғни 2025 жылғы 24 қараша сағат 10.30-дан 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысы М.М.Муратов жауап беретін болады.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.
https://dialog.egov.kz/conference/5633
Хабарландыру
Батыс Қазақстан облысының аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарының бұзылуын анықтау жағдайларының жиілеуіне байланысты «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ 2025 жылғы 06 қарашада сағат 11:00-де, Орал қаласы, х. Чурин көшесі, 116, 3-қабат (конференц-зал) мекенжайы бойынша құрылыс салушыларды ақпараттандыру және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілуі жоспарланды
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Ертен, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 10.30-дан 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысының м.а. М.Т.Бердигалиев жауап беретін болады.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.
Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сауалнама өткізу туралы хабарландыру
2025 жылғы 25 қыркүйек сағ 10.30 – 30 қыкүйек сағ 17.30 дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басқарма қызметінің ақпараттық ашықтық деңгейін бағалау бойынша сауалнама жүргізеді.
Сауалнамадан өту үшін порталға кіру қажет dialog.egov.kz. "сауалнамалар" бөлімін таңдаңыз немесе сілтеме бойынша өтіңіз
https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6634
Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйегінде тәжірибе алмасу мақсатында «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ қызметкерлері Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді. Сапар барысында қызметкерлер Астана қаласының құрылыс алаңдарында барып, құрылыс саласындағы қала құрылысы нормалары мен ережелерін сақтау мәселелерін, құрылыс барысында туындайтын проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі ынтымақтастық және тұрақты тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.