Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен ҚР Конституциясы күніне арналған шара бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен ҚР Конституциясы күніне арналған шара бойынша ақпарат

Басқарма қызметкерлері 2020 жылғы 28 тамызда Х.Чурин көшесі, 116 ғимаратының үлкен мәжіліс залында ҚР Конституциясы күніне арналған шараға қатысқан болатын.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 387 Жарлығы бойынша Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Сара Сағынтайқызы Мұқанова «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Қанатжан Иманғалиұлы Айбергенов «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Барлық әріптестерімізді Конституциямыздың 25 жылдығымен шын жүректен құттықтай келе, ортақ жұмысымызда мол табыс тілейміз!