
2024 жылғы 9 тамыз күні БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында Құрылысшы күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Басқарма басшысы А. Агелеуов құрылыс саласының, құрылысшы мамандығының маңыздылығын атап өтіп, ұжымға кәсібилігі мен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, бейбітшілік, келісім және табыс тіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының атынан мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі үшін Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Ахметов Кенжебек Серікұлы алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, басқарма басшысы басқармада жастар практикасынан сәтті өткен маманға Бекарыс Амангелдіге алғыс хат табыс етті. Практиканың сәтті аяқталуымен құттықтаулар және практикантқа тілек сөздері айтылды.