Интернет-конференция

Интернет-конференция

Egov.kz электронды үкімет порталының «Ашық диалог» парақшасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру

Бүгін, яғни 2024 жылғы 17  маусым сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.К.Мурзабулатов және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы  К.С.Ахметов жауап беретін болады.

Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.