Басқарма басшысының бейнеконференция режимінде жеке қабылдауы

Басқарма басшысының бейнеконференция режимінде жеке қабылдауы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 13 – бабына сәйкес «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

Облыста короновирусы бар науқастар санының артуына байланысты және тікелей байланысты төмендету мақсатында БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен  (бұдан әрі - Басқарма) облыс тұрғындары арасында туындайтын мәселелермен мемлекеттік мекемеге бармай Zoom (бейнеконференция режимінде онлайн қабылдауға арналған қосымша) қосымшасы арқылы бейнеконференция режимінде Басқарма басшысымен жеке қабылдау  жүргізілетін болады. Мұны істеу үшін Сізге 8(7112)-514361 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, онлайн-қабылдау уақытын алдын-ала келісуіңіз қажет. Қаралатын сұрақтар: лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу,  сонымен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бұзушылықтарғы бақылау мен қадағалау саласы.

Zoom қосымшасын орнату үшін: компьютерден zoom.us веб-сайтына кіріп, «Конференция клиентін жүктеу» түймесін басып, жүктейсіз және жолаққа онлайн-қабылдау уақыты келісілгеннен кейін берілген  конференция нөмірі мен құпиякілтті енгізесіз; ұялы телефонға Google Play және App Store қосымшаларынан жүктейсіз.