БҚО ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылуы

БҚО ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылуы

"100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені" жобасын іске асыру аясында Ақжайық ауданы Тайпақ және Чапаев ауылдарында дене шынықтыру–сауықтыру кешендері салынды. Аталған нысандардың ашылу салтанатына облыс әкімі Н. Төреғалиев қатысты. Ауыл тұрғындарын осындай қуанышты оқиғамен құттықтап, ол осындай нысандарды салудың халық үшін маңыздылығын атап өтті.

Спорт кешендері жаңа технологиялар бойынша салынған,  халықтың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдайлар бар және олар әрбір тілек білдірушіге қолжетімді. Кешендерде әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар, душ бөлмелері, гардеробтар бар.