
2020 жылғы 20 ақпанда Х.Чурина көш, 116 бойынша әкімшілік ғимаратта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен, 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызмет декларацияларын ұсыну және жалпыға бірдей декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің міндеттерінің бірі тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен оларға тиесілі мүлкі туралы декларацияны табыс ету болып табылады.
2021 жылдан бастап 250.00 нысаны бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметшілері, ал 2025 жылдан бастап барлық азаматтары мемлекет алдындағы өз табысы туралы есеп беретін болады. Қандай жағдайларды қарастыру, декларацияға не жазылу қажеттілігі жөнінде, БҚО бойынша МКД-нің бас маманы Гульнара Галисултанова айтып берді.
Жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін "салық есептілігін қабылдау (жеке тұлғаның 250.00 нысанындағы активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар)" сервисі тестілік болып табылады және тек дайындық-ақпараттық мақсаттар атқарады.