Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

2023 жылғы 30 маусым күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма қызметкерлері тарихшы, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Ахмедияр Қуанұлы Батырхановпен кездесті. А. Батырханов  Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мерекелік медалімен, ҚР Мәдениет және спорт министрілігі атынан «Үздік өлкетанушы» төсбелгісімен «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың «Құрмет грамотасымен» ,Тәуелсіздіктің 30 жылдығы медалімен марапатталған. А. Батырханов  өлке тарихын зерттеу саласына қосқан зор үлесін қосқан. «Жаралы жылдар жаңғырығы» (2010), «От кешкен ордалықтар» (2020), «Тауқымет тартқан тағдырлар»  (2021), «Тауқымет тартқан тағдырлар ІІ» жинақтарының авторы.  Ресей Федерациясы Мәскеу, Орынбор, Волгоград қалаларында және ҚР Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысушы. Оның 24 ғылыми мақаласы түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарына енген.

 Кездесу барысында А. Батырханов қоғамның рухани дамуына мұражайларға барудың маңыздылығы, тарихты білу, Ұлы Отан соғысының адамзат тарихындағы рөлі және Ұлы Отан соғысы сарбаздарының ерлігін жадымызда туралы сақтау қажеттілігі туралы айтты. Ол Ұлы Отан соғысында жоғалған адамдардың тізімдерін жаңғырту және де соғыс кезінде тұтқындарды оңалту бойынша үлкен жұмыс жасады. Басқарма қызметкерлеріне Мәншүк Мәметова атындағы мұражайы бойынша экскурсия жүргізілді.