2022 жылғы 24 маусымда БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Біржан Марданұлы Хайруллинмен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың санасын қалыптастыру.
Кездесу барысында мемлекеттік саладағы қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері келтіріліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері, 1424 call-орталығының жұмысы туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді. Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қатаң сақтауға тілек айтылды