
2022 жылдың 23 маусымында БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Басқарма басшысының м.а. Мәди Жангелдіұлы Отарбаев белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, ұжымды кәсіби мерекесімен құттықтады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Н. Есқалиевтің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.С. Байсақовтың атынан мемлекеттік қызметті адал атқарғаны үшін бас маман А. Е. Хангерееваға алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шарада еңбексүйгіштік пен жұмыста құлшыныспен, қойылған міндеттерді адал орындаумен ерекшеленетін жас мамандар атап өтілді. Басқарманың жас мамандарға: К. С. Ахметовке,М.М. Мұратовқа, Д. Қ. Сейітжановқа алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ, осындай мамандарды тәрбиелегені үшін алғыс сөздерімен ата-аналарына да алғыс хаттар табыс етілді.