2022 жылғы 2 маусым күні БҚО МСҚБ басқармасының қызметкерлері құрылыс саласындағы тәжірибелі қызметкер А. Н.Губайдуллинмен кездесті. Ахмет Наурызович көп жылдан бері құрылыс, сәулет-құрылыс бақылау саласында қызмет етіп, БҚО МСҚБ басқармасын да басқарды. Қазіргі уақытта ол "AQBÓRLI" ЖШС басқарады. Кездесу барысында құрылыс саласындағы, бақылау - қадағалау қызметі бойынша жаңа талаптар талқыланды. Ахмет Наурызұлы өз білімімен бөлісіп, басқарманың жас қызметкерлеріне кеңестер берді.