2022 жылдың 6 маусымында МСҚББ қызметкерлерімен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нұрболат Меңдіғалиұлы Қадырғалиевпен, техника ғылымдарының магистрі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінің Құрылыс және сәулет кафедрасының аға оқытушысы (лекторы) Нурлан Мейрамович Бекқалиевпен кездесу өтті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы Бектен Үмбетұлы Жұбаншевпен кездесу өтті. Кездесу барысында лекторлар Орал қаласының құрылысы мен даму тарихы, құрылыс өнімдері мен құрылыс сапасының маңызы бойынша тақырыптарды ашты.