
Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2022 жылдың 3 наурызында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының ұжымынан лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы Гайса Бектимисович Тажбаев кетті. Басқарма басшысының м.а. М. Байсеуф бүкіл ұжым атынан Г. Тажбаевқа алғыс сөздерін жариялап, құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, М.Байсеуф Алихан Казекеевич Мурзабулатовты лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады. А.Мырзабулатов бұл лауазымға БҚО МСҚБ Басқармасында мемлекеттік қызмет еткен кездегі оның жеке және кәсіби қасиеттерін ескере отырып, меритократия қағидаларымен тағайындалды. Барлық ұжымға алғыс сөздер мен сәттілік тілектері айтылды.