23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

Құрметті Әріптестер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!