Құрылысқа қатысушылармен құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтау туралы кеңес

Құрылысқа қатысушылармен құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтау туралы кеңес

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ басшысының төрағалығымен 2021 жылы 22 маусымда мердігерлік және жобалау ұйымдары, техникалық және авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар, Батыс Қазақстан облысының құрылыс салушылары, сондай-ақ жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Сонымен қатар,  құрылыс объектілерін жобалау және  салу кезінде  мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және де терезе блоктары үшін қорғаныш механизмдерді орнатулар бойынша Басқарма тарапынан құрылыс қатысушыларына құрылыс нормаларын қатаң сақтау туралы құрылыс нормалары мен ережелері жөнінде талаптар баяндалды.