«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарына енген өзгерістер

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарына енген өзгерістер

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ағымдағы жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының келесідей баптарына өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.

 

60-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес:

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:

  • екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды жүзеге асыра алады.

 

64-1 бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес:

  • міндетті сараптамаға: осы Заңның 60-бабының 2-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.

 

74-бабына сәйкес:

  1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырады.
  2. Егер осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес санамаланған объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.
  3. Осы баптың нормалары:

2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.