Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәлет құрылыс-инспекциясы бөлімімен атқарылған жұмыс туралы есебі
Басқармаға 2023 жылдың өткен кезеңінде электрондық портал Elicense.kz арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы 1015 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 63 хабарлама мемлекеттік электрондық тізілімнен алынып тасталды (дұрыс толтырылмауына байланысты, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша және т.б.)*.
ХҚКО ИАЖ электрондық порталы арқылы объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1014 актісі қаралды,оның нәтижелері бойынша 470 өтінім оң қаралды, 544 өтінім (Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты) бас тартылды*.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер ұйымдардың/депозитарийдің жұмыс тәжірибесіне қатысты 214 өтінім қаралды.
Е-Qurylys электрондық порталы арқылы 3006 техникалық қадағалау есебі қабылданды және өңделді.
Сонымен қатар, Басқарма 2023 жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың 682 өтінішін қарады.
Жүргізілген жоспардан тыс тексерулер – 99.
Бұзушылықтарды жою туралы 69 ұйғарым шығарылды, 12-сі орындалуда.
Жоспардан тыс тексерулер қорытындысы бойынша 155 әкімшілік іс қозғалды. 53 686 193 теңге айыппұл салынды, 51 871 493 теңге айыппұл өндірілді. Оның ішінде 61 әкімшілік материал сот органдарына қарауға жолданды.