Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімімен 2023 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп
Бөлімге 2023 жылдың II тоқсаны бойынша E- license электронды порталы арқылы құрылыс объектілерінің тапсырысшыларынан 302 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Басқармамен 24 хабарлама мемлекеттік электрондық тізілімнен алынып тасталынды, 1 хабарлама тоқтата тұрылды.
ХҚКО ЫАЖ электронды порталы арқылы 223 объектіні пайдалануға қабылдау актілері қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алу электронды порталы мердігерлік ұйымдардың/депозитарийдің жұмыс тәжірибесіне қатысты 47 өтініш қаралды.
E-Qurylys біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы техникалық қадағалаушы сарапшылардан объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы 610 есеп келіп түсті.
34 әкімшілік іс қозғалды. 11 021 025 тг. көлемінде айыппұл салынды.
Жоспардан тыс тексеріс тағайындалды – 23.
Бұзушылықты жоюға 15 нұсқама берілді, 5 – орындалуда.
Сонымен бірге, 2023 жылдың II тоқсаны бойынша Бөліммен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың 199 өтініші қарастырылды.
Бөлімнің негізгі көрсеткіштері
|
№ |
Көрсеткіштің атауы |
2023 жылдың II тоқсаны |
|
1 |
ҚМЖ басталуы жөніндегі хабарлама саны |
170 |
|
2 |
Объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің саны |
264 |
|
3 |
Жоспардан тыс тексеріс тағайындалды |
23 |
|
4 |
Қозғалған әкімшілік істер саны |
34 |
|
5 |
Салынған айыппұл көлемі (теңге) |
11 021 025 тг. |
|
6 |
Берілген нұсқамалар саны |
15 |
|
7 |
Қарастылылған өтініштер саны |
199 |