Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а.
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 231-нқ бұйрығымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі туралы ережесi
1) бөлім басшысы – мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2) 4 бас маман – мемлекеттік құрылыс инспекторларынан тұрады.
негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;
2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүргізу;
3) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
4) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
5) объектiлерді салу кезінде тапсырыс берушiнiң (меншік иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрату және алу;
7) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;
8) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
9) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару;
10) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту.
Функциялары:
1) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару;
2) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімінен) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы барлық субъектілермен орындауға міндетті нұсқамалар береді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;
3) қала құрылысы және жобалау құжаттамасының сапасына бақылауды ұйымдастыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілерімен жіберілген мемлекеттік нормативтер мен талаптарының бұзылу себептерін анықтау;
5) құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғағанда заңдылықты қамтамасыз ету;
6) тексеріс тағайындау кезінде құзыретті прокуратура органдарында қажетті құжаттардың тіркелуіне жауап беру;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру нормалары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
8) бөлімнен шығатын айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің уақытында тапсырылуына жауап беру;
9) заңнамалар шегінде тексеру арқылы нысандар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
10) бөлімнің іс номенклатурасын әзірлеу, мұрағатқа тапсыру;
11) басқарманың ресми сайтында сәулет-құрылыс бақылауына қатысты деректердің орнатылуын және орнатылған деректердің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.
қызметiн ұйымдастыру
1) бөлім бас мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.