Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімі туралы ережесi
1) бөлім басшысы – мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2) 1 бас маман – мемлекеттік құрылыс инспекторларынан тұрады.
негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Функциялары:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиар функцияларын жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
4) заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағынысты аумақта лицензия алу үшін лицензиаттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау жұмысына қатысу;
5) лицензиаттарды есепке алу және тіркеу, лицензиаттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау;
6) лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстану;
8) Прокуратура органдарында тексеріс тағайындаған кезде қажетті құжаттарды тіркеуге жауап беру;
9) мыналарға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру:
- тапсырыс берушілерде оның белгілі бір жер учаскесіне сәйкесті құқығын растайтын құжаттар мен мердігерлермен (бас мердігерлер) шарттардың болуы;
- құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлеріне сай мердігерлік ұйымдарда лицензияның болуы.
Функциялары:
1) бөлімнен шығатын есептерді әзірлеу;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілерімен жіберілген мемлекеттік нормативтер мен талаптарының бұзылу себептерін анықтау;
3) мемлекеттік нормативтер бұзушылықтарын жоюға бағытталған ықпал ету шараларын қабылдау;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру нормалары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
5) заңнамалар шегінде тексеру арқылы нысандар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
6) сарапшыларды аттестаттау мен тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу;
7) бөлімнің іс номенклатурасын әзірлеу, мұрағатқа тапсыру;
8) басқарманың ресми сайтында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерді лицензиялау және аттестаттау туралы деректердің орнатылуын және орнатылған деректердің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.
қызметiн ұйымдастыру
1) бөлім бас мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.