2022 жылдың 3 тоқсан бойынша есеп

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің

2022 жылдың 3 тоқсан бойынша ақпарат

 

2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімімен 54 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 46 нұсқама берілді. 10 973 197 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Объектіні пайдалануға қабылдаудың 936 актісі қаралды (оның ішінде оң қаралды - 424, бас тартылды - 512). Мемлекеттік сатып алудың электрондық порталы арқылы мердігер ұйымдардың жұмыс тәжірибесін растауға 435 өтінім қаралды. Құрылыс барысы мен орындалатын жұмыстардың сапасы туралы тех никалық қадағалаудың 1345 есебі қаралды.

2022 жылдың өткен кезеңінде Басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 633 хабарлама түсті (мемлекеттік бюджет - 189, жеке инвестициялар - 454).

Дата публикации
03 октября 2022