«БЕКІТЕМІН»
Батыс Қазақстан облысының
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
басқарма басшысының м.у.а
___________ М.Отарбаев
«___» _____________ 2022 ж.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін
себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Ұсыным |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 3-тараудың 17-тармағында мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылатыны көрсетілген. Ал Басқарманың ережесінде мемлекеттік органның бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындайтыны және қызметтен босатылатыны көрсетілген |
Басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу.
|
Қаулы жобасын дайындау |
Облыс Әкімінің Қаулысы |
Әкімшілік бөлім басшысы С.Ражитова |
2022 жылғы тамыз айы |
|
2. |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Алайда, талданып отырған кезеңде Басқарма басшысымен мемлекеттік қызметке қабылданған 5 қызметкер осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етпеген |
мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуін міндеттеуді қамтамасыз ету
|
мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуін міндеттеуді қамтамасыз ету
|
Жазбаша нысанда хабардар алу |
Әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы- кадр А. Хангереева |
2022 жылғы маусым айы |
|
3. |
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ғимаратында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларды тестілеу жүрізіледі. «Сәулет саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берушілердің тестілеуді өткізу рәсімдерін сақтауын бақылауды Басқарма қызметкерлері «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ғимаратында жүзеге асырады. Бұл ретте сәулет саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылар мен Басқарма қызметкерлері арасында байланыс орнауы мүмкін.
|
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмау мақсатында сәулет саласындағы сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғаларды аттестаттау үшін тестілеуді өткізу функцияларын «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ-ға беру мәселесін қарастыру үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
Лицензиялау және аттестациялау бөлімінің басшысы А. Мурзабулатов |
2022 жылғы маусым айы |
|
4. |
ӘҚБтК-тің 802-бабыны 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздер болып табылады. Алайда, «СПС» ЖШС-не тексеріс жүргізілмей, ӘҚБтК-нің 317-1 бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен әкімшілік өндіріс қозғалған. Сөйтіп, Басқарма қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолданбауы салдарынан «СПС» ЖШС-не қатысты әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық құрамы болмауына қысқартылды. Осыған ұқсас тәуекелдер «STROYCONSALTING» ЖШС, «ТС Индустрия» ЖШС-не қатысты анықталды.
|
Басқарма қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізу.
|
семинар |
хаттама |
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы М.Байсеуф |
2022 жылғы маусым айы |
|
5. |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 - бабының 12-тармағына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тұлға – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды. Сот талқылауында тапсырыс берушілер құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанына екі айдан астам мерзім өтіп кетуіне байланысты әкімшілік өндірісті қысқартуды сұрайды. Сондай-ақ, тексеріс барысында, тапсырыс берушілер жауапкершіліктен құтылу мақсатында құрылыстың екі ай бұрын басталғанын көрсетеді. Бұл ретте, құрылыстың нақты басталған уақытын анықтауға мүмкіндік жоқ. |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабына құрылыс саласында құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап екі ай ішінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту нормасын қарастыруға бастамашылық жасау үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабына құрылыс саласында құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап екі ай ішінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту нормасын қарастыруға бастамашылық жасау үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабына құрылыс саласында құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап екі ай ішінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту нормасын қарастыруға бастамашылық жасау үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.
|
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы М.Байсеуф |
2022 жылғы маусым айы |
|
6. |
ӘРПК-нің 76-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімінің бұзылу фактілері анықталды. Мысалы, 2022 жылғы 24 қаңтарда А. Струльниковтың үш қабабатты ғимараттың заңсыз құрылысы туралы өтінішіне 2 айдан кейін ғана (25.03.22ж.) аралық жауап беріліп, қабылданған шаралар қосымша хабарланатыны көрсетілген. Алайда, бүгінгі күнге дейін өтініш иесіне қосымша жауап жауап берілме |
Басқарма қызметкерлеріне өтініштерді қарау барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау тәртібін түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.
|
оқыту ұйымдастыру
|
хаттама |
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімі басшысы М.Байсеуф |
2022 жылғы маусым айы |
|
7. |
ҚР «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде сақталады. Осы Заңның 17-бабында 2-тармағында тiркеу куәлiгiнiң иесi электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi екені көрсетілген. Алайда, Басқарма қызметкерлері үш тексеріс тағайындау актісін басшы еңбек демалысында болған кезеңде оның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы тағайындап, қол қойған.
|
электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдану, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтау тәртібі бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
хаттама |
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы М.Байсеуф |
2022 жылғы маусым айы |
|
8. |
Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында орналасқан 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алғашқы жоспарында (27.12.2021 ж.) қаржыландыру жоспарындағы көрсеткіштен, 2022 жылға арналған №4-20 шығыстар бойынша жинақтық есептен ауытқу анықталды: - №001 «Сәулет құрылысын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» бағдарламасының №015 «жергілікті бюджет есебінен» бағдарламасының №149, 159, 169 спецификасы бойынша 421,8 мың теңге соммасына, соның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көрсеткіштермен орналастыру (қосымша құн салығы есебінсіз).
|
мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу |
Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу |
Жылдық жоспарға өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығару |
Әкімшілік жұмыс бөлімі басшысы С.Ражитова |
2022 жылғы маусым айы |