Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлык тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлык тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

анықтама

Орал қаласы                                                                                  31 мамыр 2022 жыл

Талданатын объект  туралы мәлімет:

         Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы.

Талдауды  жүргізу мерзімі: 2022 жылғы 20-31 мамыр

         Талдауды жүргізу кезеңі: 2021 жылдың сәуір айынан бастап 2022 жылдың 1 маусым.

Сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері  туралы талдамалык аныктама келесі курамдагы жұмыс тобымен кұралды:

Байсеуф Махаббат Маратович - мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлмінің басшысы;

Мурзабулатов Алихан Казекеевич - лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы;

Ражитова Слухия Сериккалиевна - әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы;

Хангереева Анара Ерболатовна - бас маман-кадр.          

 

Талдау барысында 8 сыбайлас жемкорлык тәуекелдері анықталды, 8 ұсыным берілді.

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде  мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқармаға бағынысты ведомстволар жоқ.

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық анықтау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 3-тараудың 17-тармағында мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылатыны көрсетілген.

Ал Басқарманың ережесінде мемлекеттік органның бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындайтыны және қызметтен босатылатыны көрсетілген.

Ұсыным: Басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу.

  1. Ішкі құжаттарда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

III. Персоналды баскарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.  

Басқарманың штат саны- 10, накты саны- 10 адам.

Басқарманың штат саны 2021 жылы - 13 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 9-бас маман.

         Жыл басынан бастап 4 қызметші өз еркімен жұмыстан босатылды.

Таза ауысымдылық - 30% құрады.

2021 жылы тәртіптік жазаға 1 қызметкер (Байсеуф М.) тартылды.

2021 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 5 конкурс өткізілді (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы;  бос лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы; бос әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы-заңгер лауазымдары).

2022 жылы Басқарманың штат саны 10 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 6 - бас маман. Іс жүзінде 8 бірлік оның  3-і бөлім басшысы, 5 - бас маман.

Жыл басынан бастап лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы Ғ.Тәжбаев өз еркімен қызметінен босатылды.

Таза ауысымдылық -10% құрады.

Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы болып бас маман А.Мырзабулатов тағайындалды.

01.01.2022-31.03.2022 ж. аралығында тәртіптік жазаға 1 қызметкер (Г.Тажбаев) тартылды.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

Алайда, талданып отырған кезеңде Басқарма басшысымен мемлекеттік қызметке қабылданған 5 қызметкер осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етпеген. 

Ұсыным: мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуін міндеттеу. 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармамен 2021 жылы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

- іздестіру қызметіне лицензия беру - 21;

- жобалау қызметіне лицензия беру - 70;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» - 219;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау - 577;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу - 2;

                 - көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы, оның ішінде: 889

                 - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар туралы мәліметтер -2.

2022 жылдың 1- тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

- іздестіру қызметіне лицензия беру - 10;

- жобалау қызметіне лицензия беру - 21;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру - 42;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау - 105;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу - 2.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеті сыбайлас жемқорлық тәуекел анықталды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 24-бабының 1-тармағының 17-6 - тармақшасына сәйкес,  облыс әкiмдiктерiнiң облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау кіреді.

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ғимаратында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларды тестілеу жүрізіледі.

«Сәулет саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш берушілердің тестілеуді өткізу рәсімдерін сақтауын бақылауды Басқарма қызметкерлері «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ғимаратында жүзеге асырады.

Бұл ретте сәулет саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылар мен Басқарма қызметкерлері арасында байланыс орнауы мүмкін.

Ұсыным: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмау мақсатында сәулет саласындағы сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғаларды аттестаттау үшін тестілеуді өткізу функцияларын «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ-ға беру мәселесін қарастыру үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.

  1. Рұқсат беру функцияларын iскe асырумен байланысты сыбайлас жемкорлык тәуекелдерін аныктау.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады.

2021 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 88 лицензия берілді, 46 қайта тіркелді, 17 лицензияға қосымша берілді.

2022 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 34 лицензия берілді, 24 қайта тіркелді, 7 лицензияға қосымша берілді.

2021 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 158 аттестат берілді, қайта тіркеу 124.

 2022 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 59 аттестат берілді, қайта тіркеу 9.

VII. Бақылау функцияларын iскe асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аныктау.

2021 жылы Басқармамен 33 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 22 нұсқама берілді, 179 әкімшілік іс қозғалды.

2022 жылдың 5 айына Басқармамен 20 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 10  нұсқама берілді, 23 әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік өндіріс қозғау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.

ӘҚБтК-тің 802-бабыны  3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздер болып табылады.

Алайда, «СПС» ЖШС-не тексеріс жүргізілмей,  ӘҚБтК-нің 317-1 бабының  1-бөлігінің  3-тармағымен әкімшілік өндіріс қозғалған.  

Сөйтіп, Басқарма қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолданбауы салдарынан «СПС» ЖШС-не қатысты әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық құрамы болмауына қысқартылды.

Осыған ұқсас тәуекелдер «STROYCONSALTING» ЖШС, «ТС Индустрия» ЖШС-не қатысты анықталды.

Ұсыным: Басқарма қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізу.  

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 - бабының 12-тармағына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тұлға – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Сот талқылауында тапсырыс берушілер  құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанына екі айдан астам мерзім өтіп кетуіне байланысты әкімшілік өндірісті қысқартуды сұрайды.

    Сондай-ақ, тексеріс барысында, тапсырыс берушілер жауапкершіліктен құтылу мақсатында құрылыстың екі ай бұрын басталғанын көрсетеді.

Бұл ретте, құрылыстың нақты басталған уақытын анықтауға мүмкіндік жоқ.

Ұсыным: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабына құрылыс саласында құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап екі ай ішінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту нормасын қарастыруға бастамашылық жасау үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау.

VIII. Ұйымдастырушылык-баскарушылык кызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іскe асыруга байланысты сыбайлас жемкорлык тәуекелдерін анықтау.

Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау КР-ның Әкімшілдік рәсімдік-процестік кодексіне   сәйкес жүргізіледі.

2022 жылдың 1-токсанында Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 71 (2021 -76 ) өтініш келіп  түстi, бұл 2021 жылдьң ұксас кезеңімен салыстырганда  7%-ға төмен.

          Өтініштердің басым  бөлігі сәулет-құрылыс құқықтық катынастары туралы  мәселелерді кұрады.

 Сондай-ақ, өтініштерді карастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің  іс-әрекетіне шағымдану  фактілері болмады.

           А.ж. 1-токсаны бойынша БАҚ-тагы және басылымдар мен жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Баскарманың қызметкерлеріне катысты жағымсыз материалдар анықталган жок.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) 72-бабына сәйкес,  әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Талдау барысында өтініштерді сапалы қарамау фактілері анықталды.

Мысалы, 2022 жылғы 13 қаңтарда «Музтау» ЖШС өз өтінішінде  ӘҚБтК-тің 317-1-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік өндірісті қысқартуды сұраған болатын.

Алайда, өтініш иесіне әкімшілік өндірістің заңдылығына баға берілмей, әкімшілік құжаттардың көшірмелері ғана жолданған.

Нәтижесінде, әкімшілік өндіріс Орал қалалық әкімшілік істер бойынша мамандандырылған сотының қаулысымен құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды.

  ӘРПК-нің 76-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

  Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімінің бұзылу фактілері анықталды.

  Мысалы, 2022 жылғы 24 қаңтарда А. Струльниковтың үш қабабатты ғимараттың заңсыз құрылысы туралы өтінішіне 2 айдан кейін ғана (25.03.22ж.) аралық жауап беріліп, қабылданған шаралар қосымша хабарланатыны көрсетілген.

 Алайда, бүгінгі күнге дейін өтініш иесіне қосымша жауап жауап берілмеген.

Ұсыным: Басқарма қызметкерлеріне өтініштерді қарау барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау тәртібін түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.

ҚР «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 8-бабына сәйкес,  электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде сақталады.

Осы Заңның 17-бабында 2-тармағында тiркеу куәлiгiнiң иесi электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi екені көрсетілген.

Алайда, Басқарма қызметкерлері  үш тексеріс тағайындау актісін басшы еңбек демалысында болған кезеңде оның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы тағайындап, қол қойған. 

Ұсыным: электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдану, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтау тәртібі бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Қаржы-шаруашылық кызметпен байланысты сыбайлас жемқорлык тәуекелдерін анықтау.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 58 472,0 мың теңге қаражат бөлініп, 100 пайыз игерілді.

2022 жылдың 5 айына  25 722,0 мың теңге қаражат бөлініп, 96 пайыз игерілді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алулардың  веб-порталында орналасқан 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алғашқы жоспарында (27.12.2021 ж.) қаржыландыру жоспарындағы көрсеткіштен, 2022 жылға арналған №4-20 шығыстар бойынша жинақтық есептен ауытқу анықталды:

- №001 «Сәулет құрылысын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» бағдарламасының №015 «жергілікті бюджет есебінен»  бағдарламасының №149, 159, 169 спецификасы бойынша 421,8 мың теңге соммасына, соның ішінде  қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көрсеткіштермен орналастыру (қосымша құн салығы есебінсіз).

Сөйтіп, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруда  мемлекеттік сатып алу үшін 421,8 мың теңге көлемінде қаражат негізсіз артық көзделген.   

Ұсыным: мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу.

  1. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу;
  2. Мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуін міндеттеу;
  3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмау мақсатында сәулет саласындағы сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғаларды аттестаттау үшін тестілеуді өткізу функцияларын «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ-ға беру мәселесін қарастыру үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау;
  4. Басқарма қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізу;
  5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабына құрылыс саласында құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап екі ай ішінде әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту нормасын қарастыруға бастамашылық жасау үшін ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне хат жолдау;
  6. Басқарма қызметкерлеріне өтініштерді қарау барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау тәртібін түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру;
  7. электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдану, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтау тәртібі бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  8. 8. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу;
  9. Ашык интернет – ресурстарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижесі жариялансын.

 

БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылау басқармасының

басшысының м.у.а.                                                                            М. Отарбаев

 

Жұмыс мүшелері:

 

Мемлекеттік сәулет құрылыс

инспекциясы бөлмінің басшысы                                                         М. Байсеуф

         

Лицензиялау және аттестаттау

бөлімінің басшысы                                                                                     А. Мурзабулатов

         

Әкімшілік жұмыс бөлімінің

басшысы                                                                                                  С. Ражитова

         

Бас маман-кадр                                                                                      А. Хангереева

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлык тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Дата публикации
10 июня 2022