Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабы 5-тармағына және "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 шілден бастап 31 шілде аралығында "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.