«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-нің
2023 жылға арналған азаматтық бюджеті бойынша ақпарат (өзгерістермен)
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-сі 2023 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 216 491,00 мың теңге болатын мынадай бюджеттік бағдарламаларды бекітті:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
«Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша 216 491,00 мың теңге сомасына шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 216 491,0 мың теңге
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 31 бірлік (27 бірлік мемлекеттік қызметші және 4 бірлік техникалық персонал) жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлық құрам.
Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру.