2020 жылғы 7 ай бойынша Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштердің ТАЛДАУЫ

Батыс Қазақстан облысының сатып алу басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2020 жыл 7 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштеріне талдау жүргізілді.

Осылайша, 2020 жылдың 7 ай бойынша Басқармаға жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен  44 (оның ішінде 5 көшірме) (2019 – 40) өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Оның ішінде өтініш – 10 (2019 –15), шағымдар – 8 (оның ішінде 1 көшірме)  (2019 – 5), сұранымдар – 7 (2019 – 2), ұсыныстар – 18 (оның ішінде 4 көшірме) (2019 –18) және жауап – 1 (2019 – 0).

Келіп түскен өтініштердің санынан Басқармамен басқа органдарға жіберілді – 3 (оның ішінде 1 көшірме)  өтініш, қаралды – 40 (оның ішінде 4 көшірме)  өтініш, орындау үстінде – 1.

Қарау қорытындысы бойынша түсініктеме берілді – 20, қанағаттандырылды – 16, бас тартылды – 4, тоқтатылды – 0.

Өтініштерді қарау бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

Басқарманың қызметкерлері азаматтардың өтініштерімен жұмысты үнемі жетілдіреді. Осы уақытқа дейін өтініштермен жұмыстың олардың келіп түсуінен бастап бақылауға алынуы және қабылданған шешімнің орындалуы бойынша нақты жүйесі жасалды.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы талаптарын сақтауы олардың мәселелерін уақтылы және сапалы қарауына және шешуіне ықпал етеді.

Дата публикации
03 августа 2020