2022 жылғы « 5 » тамыздағы № ЖҚ-11
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының бұйрығына қосымша
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, сонымен қатар, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқаруды қамтамасыз ету;
2) облыстық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастыру.
1) өз құзыреті шегінде Батыс Қазақстан облысының аумағында облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату рәсімдеріне қатысады;
2) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бәсекелес ортаға беру (жекешелендіру), сондай-ақ, оңтайландыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
3) жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) облыстық коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының және олардың орындалуы туралы есептерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылуына мониторингті жүргізеді;
5) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бiр бөлiгiнiң, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) дивидендтердің бюджетке уақытылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
7) Басқарма Ережесіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Басқарма құзыретіне жататын мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жұмысты жүргізеді;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру жұмысын жүргізеді;
9) кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
10) облыстық коммуналдық мүлік тізілімін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
11) мемлекеттік мүлік тізіліміне облыстық коммуналдық заңды тұлғалармен мүлікті паспорттау және түгендеу бойынша ақпараттарды енгізуіне мониторингті жүзеге асырады;
12) дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуына байланысты жарамсыз болған, облыстық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге және облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілген және негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруға келісім беру жұмыстарын жүргізеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру