Коммуналдық мүлікті басқару бөлімі туралы ереже

2022 жылғы « 5 » тамыздағы № ЖҚ-11

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының бұйрығына қосымша

 

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

                                                                                          

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Коммуналдық мүлікті басқару бөлімі «Батыс Қазақстан облысының  мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаты:

1) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;

2) облыстық коммуналдық мүлік облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыстарын жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

 1) өз құзыреті шегінде Батыс Қазақстан облысының аумағында облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беруге) беру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

2) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша тендер жұмысын ұйымдастырып, өткізу жұмыстарын жүзеге асырады;

3) gosreeestr.kz  порталында облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру) беру бойынша бұйрықтарды тіркейді;

4) gosreeestr.kz  порталында мүліктік жалдаудан түскен төлемдерді шарттар бойынша отырғызады;

5) берешегі бар жалгерлермен қалыптасқан берешекті өтеу бойынша жұмыстарды жүргізеді (мемлекеттік кіріс органдарына тиісті ақпаратты жолдайды);

6)  қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жұмысын жүзеге асырады;

7) коммуналдық мүлікті сақтауға алу үшін және сақтау шарттарын дайындады;

8) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміне мүліктерді бекіту немесе беру жұмыстарын жүргізеді;

9) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабы талаптарына сәйкес коммуналдық мүлікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру жұмыстарын жүргізеді;

10) Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы талаптарына сәйкес республикалық деңгейдегі құқық қорғау, сот органдарынан басқа заңды тұлғаларға мемлекеттік мүлікті беру немесе қабылдау жұмыстарын жүргізеді;

11) Өнімді бөлу жөніндегі Түпкілікті келісім негізінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясынан құрылысы аяқталған (қайта құру жүргізілген) әлеуметтік нысандарды қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізеді.

12) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктерді жекешелендіру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің жобасын дайындайды;

13) заңнамада белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жекешелендіру процедурасын жүзеге асырады, соның ішінде жекешелендіру объектілері туралы мәліметтерді gosreestr.kz порталында орналастыру, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру комиссиясы жұмысын ұйымдастырып, өткізуді, сатып алу-сату шарттарының жобасын дайындау мен жасасуды қамтамасыз етеді;

14) тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлікпен басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлікпен басқарушыға берiлген объектiлерді тiкелей атаулы сату бойынша жұмыстарды жүргізеді;

15) объектіні жекешелендіруге дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді;

16) сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешеленетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты жекешелендіру объектісінің теңгерімұстаушысынан немесе оның мемлекеттік басқару органынынан, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, аталған кәсіпорнынан немесе оның мемлекеттік басқару органынынан сұратып дайындайды және ұсынады;

17) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органға объектіні жекешелендіруге дейін бұл материалдық құндылықтарды одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін оған болатын жекешелендіру туралы алдын ала хабар жібереді;

18) заңнамамен белгіленген шарттарды сақтай отырып, сату-сатып алу шарттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;

19) заңнамамен белгіленген негіздемелер болған жағдайда  сатып алу-сату шартының бұзылуы жөніндегі жұмысты жүргізеді;

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Дата публикации
05 августа 2022