Азаматтық бюджет орындалу сатысында
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің
2022 жылға арналған азаматтық бюджеті бойынша ақпарат (өзгерістермен)
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі 2022 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 116 743,00 мың теңге болатын мынадай бюджеттік бағдарламаларды бекітті:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
«Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша 116 743,00 мың теңге сомасына шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 363,0 мың теңге
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 116 380,0 мың теңге
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 20 бірлік (18 бірлік мемлекеттік қызметші және 2 бірлік техникалық персонал) жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлық құрам.
Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру.