2024 жылғы «03» қаңтардағы № НҚ-1
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының бұйрығына 2-қосымша
Жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) өз құзыреті шегінде Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;
2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;
3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;
4) жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;
5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды;
10) ескертулер, сондай-ақ жұмыстардың конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелеріне түсінік береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
13) өз құзіреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру