Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу және ұйымдастыру;
2) Басқарманың кадрлық мәселелері бойынша жұмысын жүргізу және ұйымдастыру;
3) Басқарманың ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) Басқарманың құжат айналымы және іс-қағаздары мәселелері бойынша жұмысты жүргізу және ұйымдастыру
1) өз құзыреті шегінде мәселелерді жөніндегі ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) мемлекеттің қаржылық-экономикалық саясаты саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
2) қаржылық тәртіпті қатаң сақтау;
3) бухгалтерлік есепті жүргізудің оңтайлы жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу;
5) өнім берушілермен жасалатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды дайындау және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, қазынашылық органдарында шарттарды тіркеу;
6) қаржыландыру жоспарларын құру;
7) еңбекақы және өзге де төлемдерді есептеу;
8) қаржылық құжаттарды уақытылы рәсімдеу;
9) келіп түсетін қаржының, тауарлы-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың нақты есебінің жүргізілуін қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік аударымдар, табыс салығы бойынша төлемдерді, зейнетақы қорына және өзге де аударымдардың дұрыс және уақытылы есептелуін қамтамасыз ету;
11) басқарманың штаттық кестесін құру;
12) қаржылық, салықтық, статистикалық және өзге есептіліктерді тапсыру;
13) «Ашық бюджеттер» порталында жұмыс жасау;
14) ақпараттық қауіпсіздік бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
15) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
16) тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
17) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
18) кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру;
19) мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
20) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
21) әскери есепті жүргізуді қамтамасыз ету;
22) бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмін сақталуын қамтамасыз ету;
23) басқарма қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануды енгізу және қамтамасыз ету;
24) басқарманың қызметін цифрландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету;
25) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
26) электрондық және қағаз құжат айналымы бойынша іс-қағаздарды жүргізу және жұмысын ұйымдастыру;
27) «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізу; құжаттардың, оның ішінде бақылау құжаттарының, өту мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру,
28) ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу;
29) мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу;
30) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты және есептілікті жүргізу; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, олардың қозғалысын және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
31) басқарманың істер номенклатурасын жасау, рәсімдеу және Мемлекеттік мұрағат мекемесімен келісу;
32) ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру, аяқталған істерді есепке алу және сақтау бойынша жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, белгіленген тәртіпте оларды мұрағатқа дайындау және тапсыру;
33) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтайды;
34) еңбек тәртібін сақтайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
11. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.