
Желаев ауылының №14 ЖОББМ жанынан бүлдіршіндерге арналған 100 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда шағын орталықта 3 топта жалпы саны 75 бала тәрбиеленуде және мектеп алды даярлық тобында 3 сыныпта жалпы саны 32 оқушы білім алуда.
Сонымен қатар ауылымызда балалар үшін түрлі бағыттағы 25 үйірменің жұмысын ұйымдастырып, 17 қосымша білім беру педагогы тәлім беретін «Мектептен тыс жұмыс орталығының» филиалы, №14 мектеп ғимаратында жұмыс атқаруда.