GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
11 января 2024
«Өнімді инновацияларды ынталандыру»

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де аяқталады.

Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты жобаның www.fpip.kz. сайтынан таба аласыз. Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефондар арқылы хабарласа аласыз.

09 января 2024
Орал қаласында «Халық қатысатын бюджет» арқылы жобалық ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарға дейін ұзартылды.
Жобалық ұсыныстар Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы (сайтқа өту https://www.gov.kz/.../uralsk/press/news/details/660031...) қабылданады.
Ұсыныстарды қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуар жайластыру;
- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
- жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және басқа объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- жиектерді, кеспетастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересек тұрғындардың демалысы үшін алаңдар, орындықтар, урналар, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
- санитарияны қамтамасыз ету;
- спорт және мәдениет объектілерін жөндеу.
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
- бір өтінім-бір объект;
- ортақ пайдалану объектісі;
- қала тұрғындары үшін өзектілігі;
- бір бюджеттік жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі;
- жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы