Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне орай 2024 жылы Батыс Қазақстан облысында орын алған төтенше жағдай кезінде халыққа көмек көрсетудегі ерен еңбегі үшін «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ-нің күміс волонтері Тенишева Светлана Владимировна басқарма басшысы Алибек Казиханович Ташимовтың атынан марапатталды.
Бейне жүктеу сілтемесі: https://disk.yandex.kz/d/nsqzg-I80vBqHA
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 14-16 ақпан аралығында облыстық әкімдік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, сондай-ақ "Қазсушар" РМК БҚФ өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы Қазталов, Жаңақала және Ақжайық аудандарда су тасқынына дайындық тексерілді.
Атап айтқанда, Казталов ауданындағы Қазталов, Әжібай, Бостандық ауылдарының, Жаңақала ауданындағы Ақбалшық ауылының және Ақжайық ауданындағы Үштөбе ауылының су басқан аумақтарындағы жер бөгеттерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Пятимар және Дөңгелек су қоймаларының негізгі құрылыстарының, сондай-ақ Сұңқыбай, Фурманов, Тайпақ магистральдық арналарының жағдайы тексерілді. Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы Жайық өзенінің жағасындағы жер бөгеттерінде айналма жолдар үшін қосымша жер жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шараларының орындалуын мұқият тексерді.
Бөрлі ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жоспарланған жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Қауіпті аймақтарда қорғаныс бөгеттері орнатылып, су өткізу жүйелері ретке келтірілген. Мысалы, Пугачево, Ақсу, Кеңтүбек, Бақтыарал, Аралтал шағынаудандары, Қарашығанақ, Димитрово, Жарсуат ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынған. Ақсай қаласында арық жүйелері жаңартылып, Қызылтал шағынауданының су қорғау бөгеті қалпына келтірілген.
Өткен жылғы су тасқыны кезінде салынған Бөрлі ауылындағы бөгетке 7 су өткізу құбыры орнатылды, бұл еріген қар суын өткізу үшін қажет. Қанай ауылында да су өткізу үшін 3 шлюз орнатып, бөгеттер нығайтылды. Жалпы, аудан бойынша 50 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынған.
Сапар барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев атқарылған жұмыстарды өз көзімен көріп, Ақсу, Кеңтүбек, Аралтал, Бөрлі және Қанай ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерін тексерді. Сонымен қатар, өңір басшысы аудан орталығындағы жедел әрекет ету жасағының оқу-жаттығуына қатысып, төтенше жағдайға дайындықты бағалап, жұмыстардың жоғары деңгейде және сапалы ұйымдастырылуын тапсырды.
Облыс бойынша су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынның алдын алу жұмыстарын тексеріп қайтты.
Өңір басшысы алдымен Сегізсай ауылы маңындағы су өткізетін сақина мен Ақшат пен Қайынды ауылдарындағы қорғаныш бөгеттерін бағалады. Сондай-ақ, Шыңғырлау ауылында өткен жедел әрекет ету жасағының оқу-жаттығуына қатысып, дайындық деңгейін тексерді. Ол ауылдағы арық жүйесі, инертті материалдар мен қапшықтардың қорымен танысып, уақытша эвакуациялық пункттің дайындық жағдайын көрді.
Аудан үшін ең қауіпті су көздері – Елек пен Шыңғырлау өзендері болып табылады. Осыған орай, Ақтау, Ақшат және Қайынды ауылдарында арнайы қорғаныс бөгеттері орнатылған. Сонымен қатар, өзендерге құятын ағын сулардың жолы тазартылып, қосымша су өткізу құбырлары орнатылған.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Тасқала ауданында су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын бағалады. Тасқала ауданы су тасқыны қауіпі бар аймақтардың қатарында. Себебі, аудан аумағындағы 28 елді мекеннің 5-інде су басу қаупі бар. Олар: Тасқала, Бірлік, 2-Шежін, Атамекен және Мереке ауылдары.
Қазіргі таңда Тасқала ауданында су тасқыны қауіпі бар аймақтар мен елді мекендерге жақын орналасқан қорғаныс бөгеттері мен Деркөл өзенінің жағалауы нығайтылып, тасқын кезеңіне дайындық жұмыстары аясында инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар су тасқынының ықтимал зардаптарын азайтуға бағытталған.
«Су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын біз өткен жылы ерте бастау арқылы көп жұмыс атқардық. Нәтижесінде облыс бойынша жалпы ұзындығы 107 км болатын 53 қорғаныс бөгеті орнатылды. Алайда, тасқын кезінде елді мекендерді қорғау үшін қосымша шаралар қажет. Су тасқынына қарсы құрал-жабдықтарды алу, су өтетін арналар мен құбырларды тазартып, үнемі бақылауда ұстауымыз керек», - деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Сапар барысында облыс әкімі су тасқыны кезеңінде қолданылатын техникалар мен күштердің дайындығын тексерді. Аудан бойынша су тасқынын алдын алу үшін арнайы техникалар дайындалып, халықты эвакуациялау үшін 23 эвакуациялық пункт пен 3 резервті пункт белгіленген.
2025 жылғы 5-6 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе мен Сырым аудандарына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы шаралардың жүзеге асырылу барысын тексерді.
Қаратөбе ауданында 9 елді мекен (Қаратөбе, Шөптікөл, Үшағаш, Қоржын, Егіндікөл, Шалғын, Сәуле, Сулыкөл, Үшана) мен көршілес Сырым ауданында орналасқан 9 елді мекен (Жымпиты, Өлеңті, Бұлдырты, Қособа, Жырақұдық, Тоғанас, Аңқаты, Жетікөл, Қызылағаш) облыс бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер қатарына кіреді.
Облыс әкімі қауіпті аймақтардағы бөгеттердің жағдайымен танысып, арнайы техникалар мен эвакуациялық пункттердің дайындығын тексерді.
Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданының Үшана, Сулыкөл, Үшағаш ауылдарында және аудан орталығында су тасқынына дайындықты қарап, қорғаныс бөгеттерін нығайту мен өзен арналарын бекіту жұмыстарының сапалы жүргізілуі қажет екендігін айтты.
Қаратөбе ауданында жалпы ұзындығы 9,8 км болатын қорғаныс бөгеттері (Қоржын, Қаратөбе, Үшағаш, Сулыкөл, Үшана) орнатылған. Аудан бойынша 30-дан астам техника дайындалған.
Қаратөбе ауданында 1430 адамға арналған 19 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған.
Сырым ауданында облыс әкімі Қособа ауылының маңындағы және Жымпиты ауылындағы қорғаныс бөгеттерін аралап, Төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа ғимаратын көрді.
Сырым ауданында су тасқынынан қорғау үшін 15 км қорғаныс бөгеттері тұрғызылған. Сондай-ақ, 83 техника су тасқынының салдарын жоюға дайын. Ауданда 430 адамға лайықталған 9 эвакуациялық пункт бар.
«Су тасқынының алдын алу үшін біз барынша мұқият дайындалуымыз қажет. Барлық жұмыстар уақытында әрі сапалы орындалуы тиіс. Ең бастысы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін қажетті техникалар мен құралдарды толықтай дайындап, су деңгейі өзгергенде және ауа райы жыли бастағанда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.
Облыс әкімі салаға жауапты орынбасары Б.Нарымбетовке, аудан әкімдеріне және жауапты мекемелерге су тасқынына қарсы шараларды күшейтіп, жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 99250 әскери бөлімінің жаңа нысандарының салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, сондай-ақ ардагерлер қатысты.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бұл маңызды оқиғаның елдің жауынгерлік дайындығын арттыру мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
«Бүгін біз Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының қорғаныс ведомствосының инфрақұрылымын жақсарту бағытында қалай жүзеге асырылып жатқанын көруге мүмкіндік аламыз. Аумақтық қорғаныс мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған әскери ұйымдар жүйесінде маңызды рөл атқарады. Бригада объектілерінің құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесі болып табылады», — деп атап өтті ол.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар символикалық лентаны кесіп, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды қарап шықты.
Пайдалануға енгізілген алғашқы объектілер қатарында әскери бөлім штабы, екі казарма, бақылау-өткізу пункті, саптық сабақтарға арналған плац және кірме жолдар бар.
Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Расул Закировтың хабарлауынша, алдағы уақытта оқу және спорт корпустарын, асхананы, клубты, қоймаларды салу, сондай-ақ техникалық аумақты жайластыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аумақтық қорғаныс бөлімшелері арасындағы жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша 99250 әскери бөлімі екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленді. 2024 жылдың көктемінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. Су тасқынымен күрес кезінде әскери қызметшілер құм салынған қаптардан бөгеттер тұрғызып, ауыр физикалық жұмыстар атқарды, сондай-ақ эвакуациялау кезінде халыққа көмек көрсетті. Бұл кезеңде әскери қызметшілердің бейбіт тұрғындармен өзара әрекеттесуі ерекше байқалды.
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы паводковый кезең Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті. Осыған орай, су басу қауіпі бар аумақтарда тасқынның алдын алу шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Өңірдегі Жайық өзенінің бойында 102 шақырымды құрайтын 54 қорғаныс бөгеті салынған. Оған қоса, 1817 техника бірлігі мен 4 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Айта кету қажет, облыста көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары өткен жылдың жаз айларында басталған. Мамандар қауіпті аймақтарды зерттеп, осы негізде алдын алу шараларын жүргізу үшін арнайы жол картасы әзірленді.
«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, биылғы жылы да су тасқыны қаупі сақталады.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында жауған жауын-шашын мөлшері өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бірдей болды. Нәтижесінде Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек және Орал қалаларында жер бетінде 2 см қалыңдықта мұз жабындысы қалыптасты. Егер ауа райы күрт жылып, жауын-шашын көп жауатын болса, наурыз айында бұл мұз қабаты су тасқынына әкелуі мүмкін», — деп атап өтті «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Т. Шапанов.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев су қоймалары мен тоғандардың жағдайын бақылау, тасқын суын өткізуді қамтамасыз ететін арналарды, каналдарды және арықтарды тазалауды, сондай-ақ су тасқынын жоюға арналған күштер мен құралдардың және қорғаныс бөгеттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Көктемгі кезеңге толық дайын болуымыз керек. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру маңызды. Қала, аудан әкімдері және тиісті мекемелер осы жұмыстарды күшейтулері тиіс», — деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімі Орал қаласындағы су басу қауіпі бар аумақтарды тексеріп, қазіргі уақытта салынып жатқан бөгеттер мен өзен бойындағы нығайту шараларын бақылап шықты.
Сонымен қатар, Нариман Төреғалиев Сырым, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарында болып, көктемгі су тасқынына дайындық шараларының жүзеге асырылуын бақылап, зерделеді.
«Көктемгі кезеңге толық дайын болуымыз қажет. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы және уақытында орындау аса маңызды. Қала және аудан әкімдері, сондай-ақ, тиісті басқармалар мен мекемелер осы жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауы тиіс», — деп атап өтті облыс әкімі.
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында облыстың инженерлік жұмыстар жоспары бекітілген, оның шеңберінде 90 іс-шара қарастырылған. Қазіргі уақытта 87 іс-шара толық жүзеге асырылды.