Көктемгі су тасқынына дайындық: Шыңғырлау ауданында жұмыстар күшейтілді.

Көктемгі су тасқынына дайындық: Шыңғырлау ауданында жұмыстар күшейтілді.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынның алдын алу жұмыстарын тексеріп қайтты.

Өңір басшысы алдымен Сегізсай ауылы маңындағы су өткізетін сақина мен Ақшат пен Қайынды ауылдарындағы қорғаныш бөгеттерін бағалады. Сондай-ақ, Шыңғырлау ауылында өткен жедел әрекет ету жасағының оқу-жаттығуына қатысып, дайындық деңгейін тексерді. Ол ауылдағы арық жүйесі, инертті материалдар мен қапшықтардың қорымен танысып, уақытша эвакуациялық пункттің дайындық жағдайын көрді.

Аудан үшін ең қауіпті су көздері – Елек пен Шыңғырлау өзендері болып табылады. Осыған орай, Ақтау, Ақшат және Қайынды ауылдарында арнайы қорғаныс бөгеттері орнатылған. Сонымен қатар, өзендерге құятын ағын сулардың жолы тазартылып, қосымша су өткізу құбырлары орнатылған.